Кёртис Блейдс UFC-пен жаңа келісімшартқа қол қойды

Aibar Rysdaulet··
Фото: MMA Fighting

Фото: MMA Fighting

UFC-тің ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуіне бұрын үміткер болған Кёртис Блейдс ұйыммен сегіз жекпе-жекке арналған жаңа келісімшартқа қол қойды.

Америкалық ауыр салмақтағы файтер жаңа келісім туралы спорт шолушысы Джеймс Линчке берген сұхбатында айтты. Блейдстің UFC-пен келісімшарты аяқталуға жақын болған еді. Енді 35 жастағы спортшы әлемдегі ең ірі ММА ұйымындағы мансабын жалғастыратынын қамтамасыз етті.

Блейдс соңғы бес жекпе-жегінің екеуінде ғана жеңіске жетті. Биыл сәуірде ол Джошуа Хокитке төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді. Оған дейін америкалық Ризван Кунеевті төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңген еді. Алайда бұл жекпе-жектің нәтижесін көпшілік даулы деп бағалады.

Хокитпен кездесуден бір жыл бұрын Блейдс UFC-тің ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуін сарапқа салған. Сол кезде ол британдық Том Аспиналлмен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңілді.

Қазіргі таңда Блейдс UFC-тің ауыр салмақтағы рейтингінде 10-орында тұр. Келесі жекпе-жегінде америкалық жеңісті серияға қайта оралып, дивизиондағы позициясын жақсартуға тырысады.