Хаби Алонсо ПСЖ сапындағы испаниялық футболшыны «Челсиге» шақырғысы келеді

Фото: ФК ПСЖ
ПСЖ және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Фабиан Руис «Челси» мен Англия Премьер-лигасының басқа да клубтарының қызығушылығына ілікті.
El Nacional мәліметінше, Лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо жартылай қорғау шебін 30 жастағы испаниялық футболшымен күшейткісі келеді. ПСЖ Руис үшін шамамен 60 млн еуро көлеміндегі ұсынысты қарастыруы мүмкін.
Руиске «Арсенал», «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль» және «Ньюкасл» клубтары да қызығушылық танытып отыр. Алайда әзірге ағылшын клубтарының ешқайсысы ресми ұсыныс жасаған жоқ.
Айта кетейік, қыркүйек айының басында ПСЖ жартылай қорғаушымен келісімшартты 2028 жылдың жазына дейін ұзартты. Сондай-ақ құжатта келісім мерзімін тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Руис 2022 жылдың тамызында «Наполиден» Париж клубына ауысқан. Содан бері испаниялық футболшы барлық турнирде 174 матч өткізіп, 17 гол соғып, 28 нәтижелі пас берген.
ПСЖ сапында Руис Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алды. Ал биыл жазда Испания құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2024 жылғы Еуропа чемпионатында және УЕФА Ұлттар лигасында да жеңіске жеткен.