Ханс-Дитер Флик «Барселонадағы» болашағына қатысты шешім қабылдады

Ханс-Дитер Флик
«Барселона» футбол клубының бас бапкері Ханси Флик өз қызметін әрі қарай жалғастыратын болды.
Тараптар пролонгация бойынша толық келісімге келді.
Жаңа келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін есептелген. Сонымен қатар, келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Фликтің өзі де болашағына қатысты шешімін жариялап, «Барселонамен» жаңа келісімшартқа қол қоятынын растады.
«Мен «Барселонамен» жаңа келісімшартқа қол қоямын», — деді Флик журналист Флориан Плеттенберг жариялаған материалда.
Қазіргі келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Ресми хабарлама кейінірек жарияланатыны белгілі болды.
Айта кетейік, «Барселона» клубы Испания біріншілігінде мерзімінен бұрын чемпион атанды. Команда 91 ұпаймен Ла Лига турнир кестесінің көшін бастап тұр.
Ал Мадридтік «Реал» болса 77 ұпаймен екінші орында келеді. Чемпионат аяқталғанша үш тур қалды.