Басты бет
·
Теннис

Хольгер Руне Хуберт Хуркачты жеңіп, Базель турнирінің ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Hector Retamal / AFP vía Getty Images

Фото: Hector Retamal / AFP vía Getty Images

Даниялық теннисші Хольгер Руне Швейцарияның Базель қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші айналымында польшалық Хуберт Хуркачты жеңді.

Базель (Швейцария). ATP 500. Жекелей сында. Екінші айналым

Хольгер Руне (Дания) – Хуберт Хуркач (Польша) – 3:6, 6:3, 7:6 (9:7)

Бұрын әлемдік рейтингте төртінші орынға дейін көтерілген Руне жарақатына байланысты ұзақ уақыт кортқа шықпаған еді. Қазір ол ATP рейтингінде 1202-орында тұрса, Хуркач 28-сатыда орналасқан.

Алғашқы сетте Хуркач басым түсіп, жалғыз брейк-пойнтын сәтті пайдаланды. Екінші партияда Руне қарсыласының төртінші геймдегі сервисін алып, есепті теңестірді. Шешуші сетте екі теннисші де өз сервистерін сақтап, жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Онда дат спортшысы 9:7 есебімен басым түсті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуде Руне бес эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді. Ол бес брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Ал Хуркач 18 эйс орындап, екі рет қос қателік жіберді және бір брейк-пойнтын жүзеге асырды.

23 жастағы дат теннисшісі кортқа оралғалы бері ATP деңгейіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. 2025 жылдың қазанында ол ахилл сіңірінен ауыр жарақат алып, бір жылға жуық уақыт жарыстарға қатыспады. Базельдегі алғашқы айналымда Руне француз Кентен Алисті үш сетте жеңген болатын — 6:4, 6:7 (2:7), 7:6 (7:5).

Ширек финалда дат теннисшісі Монако өкілі Валантен Вашеро мен испаниялық Рафаэль Ходар арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Хольгер Руне Хуберт Хуркачты жеңіп, Базель турнирінің ширек финалына шықты – sport-hub