Холанд «Манчестер Ситиден» кетсе, қай клубқа барғысы келетінін анықтады

Фото: Getty Images
«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд ағылшын клубы қаржылық заң бұзушылықтарға қатысты іс бойынша қатаң жазаға тап болса, командадан кетуді ойластыруы мүмкін.
Football Insider мәліметінше, «Манчестер Ситиден» кеткен жағдайда норвегиялық шабуылшы мансабын Испания чемпионатында жалғастырғысы келеді. Холанд үшін «Барселона» ең тартымды нұсқа саналады. Ол каталониялық клубты лондондық «Арсеналдан» жоғары қояды.
Сонымен қатар, жағдайды Мадридтің «Реалы» да жіті бақылап отыр. Испаниялық алпауыттың басшылығы 26 жастағы шабуылшыға қатысты жағдайды қадағалауды жалғастырып, оны өз құрамына қосу үшін күресуге дайын.
«Барселонаның» Холандқа қызығушылығы бұрыннан белгілі. Каталониялық клуб бірнеше жылдан бері норвегиялық футболшыны шабуыл шебін күшейтетін негізгі кандидаттардың бірі ретінде қарастырып келеді.
Бұл жағдай «Манчестер Ситиге» қатысты Премьер-лиганың ауқымды тергеуімен байланысты. 29 қыркүйекте лига ағылшын клубына қатысты бірнеше жылға созылған істің нәтижесін жариялады. Тәуелсіз комиссия 2009/10-2017/18 жылдар аралығын қамтыған айыптарды қарастырды.
Тергеу қорытындысы бойынша комиссия «Манчестер Ситиді» Премьер-лиганың қаржылық ережелерін өрескел бұзуға қатысты барлық тармақ бойынша кінәлі деп таныды. Сондай-ақ клубтың тергеумен ынтымақтастығына қатысты айыптардың басым бөлігі де дәлелденді.