Хуго Брос әлем чемпионаттары тарихындағы ең егде бапкер атанды

Фото: Getty Images
Оңтүстік Африка Республикасы құрамасының бас бапкері Хуго Брос футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең егде жаттықтырушы атанды. Бельгиялық маман өз командасын әлем біріншілігінің матчына бастап шыққан ең жасы үлкен бапкер ретінде рекорд орнатты.
2026 жылғы әлем чемпионаты басталған сәтте Хуго Брос 74 жаста болды. Осылайша ол бұған дейін Германия маманы Отто Рехагельге тиесілі болған рекордты жаңартты. Рехагель 2010 жылы ОАР-да өткен әлем чемпионатында 71 жасында Грекия құрамасын жаттықтырған еді.
Дегенмен бұл рекорд ұзақ сақталмауы мүмкін. Қазіргі әлем чемпионатына қатысып жатқан мамандардың арасында оны жаңартуға қабілетті екі бапкер бар. Олар Бростан жеті ай үлкен Чехия құрамасының бас бапкері Мирослав Коубек және 78 жастағы Кюрасао құрамасының жаттықтырушысы Дик Адвокат.
Хуго Брос өзінің рекордтық матчына 12 маусым күні шықты. Сол күні Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы әлем чемпионатының алғашқы турында Мексикамен кездесті.