Килиан Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды

Фото: FFF
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының «Алтын бутса» жүлдесіне ие болды.
Француз шабуылшысы турнир барысында сегіз матчқа қатысып, 10 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Осылайша, ол әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды.
«Күміс бутса» жүлдесін Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси иеленді. Ол сегіз кездесуде 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас авторы атанды.
Ал үздік мергендер тізімінде үшінші орынды Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд бөлісті. Екеуі де турнирде 7 голдан соқты.
Еске салайық, Испания құрамасы финалда Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.
Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.