Басты бет
·
Футбол

Клопп Германия құрамасында жаңа ережелер енгізді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Германия құрамасының бас бапкері Юрген Клопп ұлттық командадағы ішкі тәртіпті өзгерте бастады.

Неміс маманы футболшыларға құрама сапында жүрген кезде сақтауы тиіс бірнеше шектеу енгізді.

Германияның Bild басылымының хабарлауынша, жаңа ережелердің бірі мобильді құрылғыларды пайдалануға қатысты. Енді футболшыларға жаттығу залында және массаж кезінде телефон қолдануға болмайды.

Ойыншылардың сыртқы келбетіне де өзгеріс енгізілді. Клопп оқу-жаттығу жиыны кезінде футболшылардың шаштаразға баруына тыйым салды.

Бас бапкер команда тәртібіне қатысты талаптарды да күшейтті. Атап айтқанда, ойыншылар кешкі асқа белгіленген уақытта нақты келуі тиіс. Құрама орналасқан жерде отбасы мүшелерімен және басқа жақын адамдармен кездесуге тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Клопп Германия құрамасын 2026 жылдың жазында қабылдады. Оған дейін маман бірнеше маусым бойы «Ливерпульді» жаттықтырып, клуб деңгейінде бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

Еске салайық, Германия құрамасы турнирдегі жолын 1/16 финалда аяқтап, Парагвайдан жеңіліп қалды.