Кобель Швейцария – Колумбия матчының үздік ойыншысы атанды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Швейцария құрамасының қақпашысы Грегор Кобель 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Колумбияға қарсы кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Дортмундтың «Боруссия» клубының қақпашысы матч бойы алаңнан шықпай, үш сейв жасап, пенальти сериясында бір соққыны қайтарды. Нәтижесінде Швейцария құрамасы Колумбияны 0:0 (пенальти сериясы – 4:3) есебімен жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Келесі кезеңде Швейцария құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч 12 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Швейцария мен Колумбия өз топтарында бірінші орын алған болатын. 1/16 финалда швейцариялықтар Алжирді 2:0 есебімен жеңсе, колумбиялықтар Ганадан 1:0 есебімен басым түсті.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.