Коко Гауфф сенімді түрде «Ролан Гарростың» үшінші айналымына өтті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Америкалық теннисші Коко Гауфф «Ролан Гаррос»-2026 турниріндегі өнерін сәтті жалғастырып келеді. Әлемнің төртінші ракеткасы екінші айналымнан сенімді өтіп, жарыстың 1/16 финалына жолдама алды.

Гауфф бұл кезеңде WTA рейтиңінде 129-орында тұрған мысырлық Маяр Шерифпен кездесті. Матч 1 сағат 46 минутқа созылып, америкалық теннисшінің екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:3, 6:2.

Франция ашық чемпионатының төртінші айналымына шығу үшін Коко Гауфф әлем рейтиңінде 30-орында тұрған аустриялық Анастасия Потаповамен кездеседі.

Еске салайық, «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің жеңімпазы 2000 рейтингтік ұпай мен 2,8 миллион еуро көлемінде сыйақы иеленеді.

Коко Гауфф сенімді түрде «Ролан Гарростың» үшінші айналымына өтті – sport-hub