«Комо» Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчында «Лейпцигті» ойсырата жеңді

Фото: Getty Images
Италиялық «Комо» 2026/27 маусымындағы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті бастады. Жалпы кезеңнің бірінші турында команда өз алаңында «Лейпцигті» 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесу 10 қыркүйекте «Джузеппе Синигалья» стадионында өтті. Бұл «Комоның» Еуропаның басты клубтық турниріндегі дебюттік матчы болды.
Бірінші таймда есепті Мартин Батурина ашты. Үзіліске дейін алаң иелерінің басымдығын Анастасиос Дувикас еселеді. Бұл голға Батурина нәтижелі пас берді.
Екінші таймда «Комо» шабуылды жалғастырып, есепті ірі етті. Ассане Диао гол соқты. «Лейпциг» Андрия Максимовичтің голы арқылы бір доптың қарымтасын қайтарды. Алайда соңғы сөз алаң иелерінде қалып, төртінші голды Максимо Перроне соқты.
Чемпиондар лигасы, 1-тур
«Комо» – «Лейпциг» – 4:1
Голдар: 1:0 – Батурина, 2:0 – Дувикас, 3:0 – Диао, 3:1 – Максимович, 4:1 – Перроне.
Осы турда бұған дейін «Бавария» да ірі жеңіске жетіп, «Буде-Глимтті» 5:0 есебімен жеңген болатын.
Екінші турда «Лейпциг» өз алаңында ПСВ-мен ойнаса, «Комо» сырт алаңда «Фейеноордқа» қарсы кездеседі.