Конго ДР бас бапкері әлем чемпионатындағы матчтан кейін әкесінің қайтыс болғанын білді

Бекарыс Әлімхан··
ФИФА

ФИФА

Конго Демократиялық Республикасы құрамасының бас бапкері Себастьен Десабр 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Англиядан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін әкесінің қайтыс болғанын білді.

Бұл туралы матчтан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Конго Демократиялық Республикасы құрамасы Англияға 1:2 есебімен есе жіберіп, турнирдегі өнерін аяқтады. Ал ағылшындар әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексика құрамасына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.

Конго ДР бас бапкері әлем чемпионатындағы матчтан кейін әкесінің қайтыс болғанын білді – sport-hub