Кот-д’Ивуар – Эквадор матчының үздік ойыншысы анықталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FIFA

Фото: FIFA

Кот-д’Ивуар құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші турында Эквадорды 1:0 есебімен жеңді. Кездесудің үздік ойыншысы ретінде «РБ Лейпциг» клубының вингері Ян Диоманде танылды.

Flashscore дерегіне сәйкес, 19 жастағы футболшы матчта 8,4 балл алып, ең жоғары бағаға ие ойыншы болды. Кездесудегі жалғыз голды 90-минутта Амад Диалло соқты.

Алғашқы турдан кейін Е тобында Германия мен Кот-д’Ивуар құрамалары үш ұпайдан жинап, көш бастап тұр. Кюрасао мен Эквадор әзірге ұпай ала алған жоқ.

Екінші турда Кот-д’Ивуар 20 маусымда Германиямен кездеседі, ал 25 маусымда Кюрасаоға қарсы ойнайды. Эквадор 21 маусымда Кюрасаомен ойнап, топтық кезеңді 25 маусымда Германияға қарсы матчпен аяқтайды.