«Кристал Пэлас» 17 жастағы «Ақтөбе» шабуылшысына қызығушылық танытуда

«Ақтөбе» ФК
Англияның «Кристал Пэлас» клубы «Ақтөбенің» 17 жастағы шабуылшысы Виталий Латурнустың ойынына назар аударып, оны клубтың шорт-листіне енгізген.
ASnews.kz мәліметінше, АПЛ клубының скауттары «Ақтөбе» тәрбиеленушісін бақылап жүр. Ағылшын командасының талдаушылары жас шабуылшының физикалық көрсеткіштері мен нәтижелілігін жоғары бағалаған.
Қазіргі таңда Латурнус тек бақылаудағы ойыншылардың кеңейтілген тізіміне енгені туралы айтылуда.
Осы маусымда Виталий Латурнус барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. 13 турдан кейін Қазақстан Премьер-лигасында «Ақтөбе» 19 ұпаймен жетінші орында тұр.
Айта кетейік, «Кристал Пэлас» Англия Премьер-лигасында өнер көрсетеді. Өткен маусымда клуб Конференциялар лигасы мен Англия Суперкубогын жеңіп алған.