Кристиан Пулишич мансабын MLS-те жалғастыруы мүмкін

Фото: «Милан» ФК
«Нью-Йорк Сити» клубы 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін «Миланның» жартылай қорғаушысы Кристиан Пулишичті өз қатарына қосуды жоспарлап отыр.
The Athletic басылымының мәліметінше, америкалық клуб 27 жастағы футболшыны әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін трансферлеуге ниетті. Сонымен қатар Пулишичке MLS-тің басқа да клубтары қызығушылық танытып отыр.
Алайда «Милан» командасының негізгі ойыншыларының бірі саналатын америкалықпен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ. Оның италиялық клубпен жасасқан келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Сондай-ақ «Миланның» келісімді тағы бір маусымға ұзартуға мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, өткен маусымда Кристиан Пулишич «Милан» сапында барлық турнирде 40 матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.