Кукурелья ғана емес: Гави де әлем чемпионатындағы жеңістен кейін ерекше уәдесін орындады

Фото: Getty Images
«Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Гави 2026 жылғы әлем чемпионаты басталмай тұрып берген уәдесін орындады.
Турнир алдында 22 жастағы футболшы Испания құрамасы чемпион атанған жағдайда шашын ашық қызғылт түске бояйтынын айтқан еді. Ұлттық команда жеңіске жеткеннен кейін ол сөзінде тұрды.
Ойыншының өзгерген бейнесін оның жеке шаштаразы Сан Роте Instagram желісінде жариялады. Видеода алдымен Гави шашын ағартып көрсетеді, кейін ашық қызғылт түске боялған үлгісін таныстырады. Соңында ол өзінің әдеттегі қысқа қара шашты бейнесіне қайта оралады.
«Сөз – сөз. Берген уәдені орындау керек», – деп жазды шебер жарияланымға.
Гави әлем чемпионаты алдында ерекше уәде берген Испания құрамасының жалғыз ойыншысы болған жоқ. Бірнеше футболшы ұлттық құраманың ықтимал жеңісін ерекше түрде атап өтетінін айтып, кейін уәделерін орындады.
Мысалы, қорғаушы Марк Кукурелья алдын ала бас бапкер Луис де ла Фуэнтенің бейнесі бар татуировка жасатуға уәде берген болатын. Испания чемпион атанғаннан кейін ол бұл жоспарын орындап, қолындағы жаңа татуировкасын көрсетті.