Льюис Хэмилтон «Феррари» сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Каирбек Тулегенов ··
Фото: formula1.com

Фото: formula1.com

Льюис Хэмилтон «Феррари» командасына ауысқаннан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, 2026 жылғы «Формула-1» маусымының жетінші кезеңі – Барселона-Каталония Гран-приінде топ жарды.

Британдық спортшы мәреге екінші орын алған «Мерседес» пилоты Джордж Расселден 19,5 секунд алда келді. Үздік үштікті «Макларен» командасының өкілі Ландо Норрис (+23.719) толықтырды. Ал 19 жастағы Кими Антонелли жарысты аяқтай алмай, оның бес жеңістен тұратын сериясы үзілді.

Айта кетейік, 2019 жылдан бері алғаш рет тұғырға үш бірдей британдық пилот көтерілді.