Льюис Хэмилтон мен Ким Кардашьян алғаш рет көпшілік алдына бірге шықты

Фото: Getty Images
«Формула-1» жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон мен тележұлдыз Ким Кардашьян алғаш рет ресми түрде көпшілік іс-шарасына бірге қатысты.
Жұлдыздар режиссер Джордж Лукастың жаңа Lucas Museum of Narrative Art музейінің ашылуына арналған салтанатты кешке барды.
Гала-кешке Опра Уинфри, Ева Лонгория, Кэти Перри, Роберт Де Ниро, Стивен Спилберг, Фаррелл Уильямс, Миранда Керр және Канаданың бұрынғы премьер-министрі Джастин Трюдо секілді танымал тұлғалар да қатысты.
Кардашьянның кешке таңдаған киімі де көпшіліктің назарын аударды. Ол шараға стилист Лоу Роуч таңдаған Yves Saint Laurent брендінің винтажды ципао көйлегін киіп келген.
Кардашьян мен Хэмилтонның қарым-қатынасы
Кардашьян мен Хэмилтонның романтикалық қарым-қатынасы туралы ақпарат 2026 жылдың басында тараған. Алайда олар бір-бірін он жылдан астам уақыттан бері таниды. Жұлдыздар алғаш рет 2014 жылы GQ Men of the Year Awards шарасында кездескен.
Кейінгі жылдары олар бірнеше іс-шарада бірге көрініп, достық қарым-қатынаста болды.
2025 жылдың желтоқсанында Кардашьян мен Хэмилтон Аспендегі Кейт Хадсонның жаңа жылдық кешінде кездескен. Кейін олардың бірге уақыт өткізе бастағаны туралы ақпарат тарады.
Шамамен бір айдан кейін жұлдыздар Ұлыбританияның Оксфордшир графтығындағы Estelle Manor демалыс кешенінде бірге демалған. БАҚ мәліметінше, олар бір бөлмеде тоқтап, бірге массаж қабылдап, жеке бөлмеде кешкі ас ішкен.
Хэмилтон қарым-қатынасы туралы айтты
Хэмилтон 2026 жылдың жазында Кардашьянмен қарым-қатынасы бар екенін жанама түрде растаған. Ұлыбритания Гран-приі алдында журналист оның көңіл-күйінің жақсы болуын жаңа сүйіктісінің пайда болуымен байланыстырған.
«Иә, әрі ол өте жақсы!» – деп жауап берген жеті дүркін әлем чемпионы.
Кардашьян бұған дейін Монако Гран-приіне де барып, Хэмилтонды қолдаған. Британдық жүргізуші жарысты екінші орында аяқтады.
Кардашьян мен Хэмилтон бұған дейін 2026 жылғы Super Bowl кезінде де бірге көзге түскен. Енді олар алғаш рет ресми қоғамдық іс-шарада бірге көрініп, қарым-қатынастарына деген қызығушылықты одан әрі арттырды.

ФОТО: Getty Images