Льюис Хэмилтон Монако Гран-приінің тарихына енді
Бөлісу

«Феррари» командасының британиялық шабандозы Льюис Хэмилтон Монако Гран-приінің тарихына еніп, үш дүркін әлем чемпионы Айртон Сеннаның бір жетістігін қайталады.
Монте-Карлода өткен жарыс қорытындысы бойынша жеті дүркін әлем чемпионы мәреге екінші болып келіп, Монако кезеңінде мансабында сегізінші рет жүлдегерлер тұғырына көтерілді. Осы көрсеткіш арқылы ол аңызға айналған бразилиялық Айртон Сеннамен теңесті.
Еске сала кетейік, жарыста «Мерседес» командасының пилоты Андреа Кими Антонелли жеңіске жетті. Үшінші орынды «Ред Булл» өкілі Исак Хаджар иеленді. Ал алғашқы ондыққа Оскар Пиастри, Лиам Лоусон, Арвид Линдблад, Пьер Гасли, Алекс Албон, Эстебан Окон және Серхио Перес те енді.