Лапорта Торрестің ПСЖ-ға ауысуы туралы қауесетке пікір білдірді

Фото: RFEF
«Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта жартылай қорғаушы Ферран Торрестің Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына ауысуы мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін Sky Sports 26 жастағы испаниялық футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтағаннан кейін ПСЖ-ға ауысуға келісім бергенін хабарлаған болатын.
«Торрестің ПСЖ-ға ауысатыны туралы ақпаратты растайтын ешқандай мәлімет жоқ. Ол – «Барселонаның» ойыншысы», – деп Лапортаның сөзін Фабрицио Романо келтіреді.
2026 жылғы әлем чемпионатында Торрес Испания құрамасының барлық алты матчына қатысып, бір нәтижелі пас берді.
Әлем чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасы Франциямен кездеседі. Ойын 15 шілде күні өтіп, Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.