ЛАСК «Селтиктен» керемет камбэк жасап, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

ЛАСК «Селтикке» қарсы драмалық текетірестен кейін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Австриялық команда алғашқы матчта 0:3 есебімен жеңілгенімен, қарымта ойында жағдайды түбегейлі өзгертіп, қосымша уақытта 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Қарымта кездесу алаң иелері үшін сәтсіз басталды. 21-минутта Каллум Макгрегор «Селтикті» алға шығарып, ЛАСК-тың жағдайын одан әрі қиындатты.

Алайда үзіліске дейін австриялықтар ойынға қайта оралды. 32-минутта Мозес Усор есепті теңестірсе, екінші таймнан кейін алаң иелері қарқынын күрт арттырды. 48-минутта Роберт Любичич гол соқты. Арада он минут өткенде Сэмюэл Адениран үшінші допты енгізді.

58-минутта есеп 3:1 болып, екі матчтың қорытындысы бойынша «Селтиктің» басымдығы бір голға дейін қысқарды. Негізгі уақыттың соңғы минутында, яғни 90-минутта Флориан Флеккер ЛАСК-тың төртінші голын соғып, кездесуді қосымша уақытқа ауыстырды.

Қосымша уақытта австриялық клуб камбэкті толық аяқтады. 109-минутта Адениран дубль жасап, матчтың соңғы есебін белгіледі – 5:1.

Чемпиондар лигасы. Плей-офф кезеңі, қарымта матч

ЛАСК – «Селтик» – 5:1, қосымша уақыт

Голдар: Усор, 32; Любичич, 48; Адениран, 58, 109; Флеккер, 90 – Макгрегор, 21.

Осылайша, ЛАСК үш доп айырмасымен жеңілгеннен кейін есепті қайтарып, осы текетіресте алғаш рет тек қосымша уақытта алға шықты. Австриялық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал «Селтик» еурокубок маусымын Еуропа лигасында жалғастырады.

ЛАСК «Селтиктен» керемет камбэк жасап, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты – sport-hub