Лёнер Тьен Синнердің орнына Эр-Риядтағы Six Kings Slam турниріне қатысады

Фото: US Open
Әлемнің 17-ракеткасы Лёнер Тьен маусымды мерзімінен бұрын аяқтаған Янник Синнердің орнына Эр-Риядта өтетін Six Kings Slam көрме турниріне қатысады.
Бұл туралы Сауд Арабиясының Бас ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх хабарлады. Six Kings Slam турнирінің тарихтағы үшінші бәсекесі 21, 22 және 24 қазанда өтеді.
Тьен ширек финалда Алекс де Минормен кездеседі. Осы жұптың жеңімпазы жартылай финалда Новак Джоковичке қарсы ойнайды. Екінші ширек финалда Александр Зверев Тейлор Фрицпен кездессе, Карлос Алькарас жартылай финалға тікелей жолдама алды.
Сонымен қатар де Минордың турнирге қатысуы әзірге белгісіз. Австралиялық теннисші Бейжіңдегі турнирдің финалында ойнаған кезде жамбас бұлшықетінен жарақат алған.
Еске салайық, Синнер тізесіндегі мәселеге байланысты 2026 жылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтайтынын мәлімдеген болатын. Итальяндық теннисші Six Kings Slam турнирінің бұған дейінгі екі жарысында да жеңіске жетті. Өткен жылғы финалда ол Карлос Алькарасты жеңіп, турнирге қатысқаны және чемпион атанғаны үшін жалпы 6 млн доллар сыйақы алды.