Басты бет
·
Футбол

Левандовски мен Каземиро MLS матчында гол алмасты

Бекарыс Әлімхан··
«Интер Майами» ФК

«Интер Майами» ФК

MLS тұрақты чемпионаты аясында өткен «Чикаго Файр» – «Интер Майами» матчы 1:1 есебімен аяқталды.

Алаң иелері 10-минутта есеп ашты. Робин Лодтың пасын қабылдаған Левандовски допты қақпаға бағыттады. Польша құрамасының шабуылшысы үшін бұл MLS-тегі тоғыз ойындағы алтыншы гол болды.

«Интер Майами» 48-минутта есепті теңестірді. Месси бұрыштама добын орындағаннан кейін Каземиро баспен соққы жасап, гол соқты. Бразилиялық футболшы қатарынан үшінші матчта гол соғып отыр. Ал аргентиналық шабуылшы маусымдағы 13-ші нәтижелі пасын беріп, лиганың үздік ассистенттері тізімінде көш бастады.

Матчтан кейін «Интер Майами» 44 ұпаймен Шығыс конференциясында екінші орында тұр. Ал «Чикаго Файр» 39 ұпаймен төртінші сатыда келеді.

Левандовски мен Каземиро MLS матчында гол алмасты – sport-hub