«Левски» ойыншысы «Қайратпен» ойынды қорытындылады

«Левски» ФК
Софиялық «Левски» клубының шабуылшысы Рейналдо Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта алматылық «Қайратты» 1:0 есебімен жеңгеннен кейін пікір білдірді.
Рейналдо командалық ойынға тоқталып, ауа райының ыстығы мен алаңның жағдайына да назар аударды.
«Бірінші кезекте мен үшін команда мен ұжым маңызды, содан кейін ғана жеке жетістіктер тұрады. Біз жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жұмысымызды жалғастыруымыз керек. Мұнда жақсы матч өткізу үшін келдік. Ауа райының ыстық болатынын білдік. Алаң да жақсы жағдайда болмады. Жеңіске жету үшін барымызды салдық.
Ең алдымен келесі кезеңге өту жолында күш салған бүкіл команданы құттықтағым келеді. Хулио Веласкес әр ойыншыдан команда үшін бар күшін салуды талап етеді. Ол талапшыл бапкер. Енді Чемпиондар лигасы іріктеуінің шешуші кезеңіне назар аударуымыз керек», — деді Рейналдо.
Екі матчтың қорытындысы бойынша «Левски» «Қайратты» 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңінде софиялық клуб грекиялық АЕК-пен кездеседі.
«Қайрат» Чемпиондар лигасынан шыққаннан кейін еурокубоктағы жолын Еуропа лигасының іріктеу плей-офф кезеңінде жалғастырады. Алматылық клубтың қарсыласы бельгиялық «Андерлехт» пен грекиялық ПАОК арасындағы жұптың жеңімпазы болады.