«Левски» – «Қайрат» матчын қайдан көруге болады

Али Асетов··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Қазақстандық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін болгариялық «Левски» командасына қарсы өткізеді.

Ойын 4 тамыз, сейсенбі күні София қаласында өтеді. Астана уақытымен сағат 22:30-да басталады. Кездесу халықаралық матчтар кезінде 17 688 көрермен қабылдай алатын «Георги Аспарухов» стадионында ұйымдастырылады. 

Қазақстандық жанкүйерлер матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы тікелей трансляция режимінде бақылауға болады.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 11 тамызда Түркістан қаласында өтеді. Екі ойын қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундына шығатын команда анықталады.

«Левски» – «Қайрат» матчын қайдан көруге болады – sport-hub