«Левски» – «Қайрат» матчының бейнешолуы: 90+2-минуттағы гол кездесудің тағдырын шешті
Бөлісу

«Қайрат» ФК
Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Болгарияның «Левски» командасына есе жіберді.
Софияда өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері жалғыз голды қосылған уақытта соқты. 90+2-минутта Сержиньо айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Қарымта ойын 11 тамыз күні Түркістанда өтеді. Сол кездесуде Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф раундына жолдама иесі анықталады.
«Левски» – «Қайрат» матчының бейнешолуы осы сілтемеде.