Басты бет
·
Футбол

«Ливерпуль» 0:2 есебінен жеңісті жұлып алды

Бекарыс Әлімхан··
«Ливерпуль» ФК

«Ливерпуль» ФК

Англияның «Ливерпуль» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Испанияның «Вильярреал» командасын 4:3 есебімен жеңді. Кездесу Англияда өтті.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 3-тур

«Ливерпуль» (Англия) – «Вильярреал» (Испания) – 4:3

Голдар: Мак Аллистер 36, 65, Араухо 45+2, Вирц 68 – Микаутадзе 4, Кардона 29, Олувасейи 87.

Қонақтар матчтың төртінші минутында есеп ашты. «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейктің қателігін Жорж Микаутадзе тиімді пайдаланып, допты қақпаға бағыттады. Ал 29-минутта Серхи Кардона «Вильярреалдың» екінші голын соғып, испандық клубтың басымдығын арттырды.

Алайда алаң иелері бірінші тайм аяқталғанша есепті теңестіріп үлгерді. 36-минутта Алексис Мак Аллистер бұрыштама добынан кейін гол соқты. Ал қосымша уақытта Рональд Араухо баспен дәл соққы жасап, есепті 2:2-ге жеткізді.

Екінші таймда «Ливерпуль» жеңісті жұлып алды. 65-минутта Мак Аллистер Рио Нгумоаның пасынан кейін дубль авторы атанды. Үш минуттан соң Флориан Вирц ағылшын клубының төртінші голын соқты.

87-минутта Тани Олувасейи «Вильярреалдың» бір голын қайтарды. Дегенмен испандық команда есепті теңестіре алмады.

Үш турдан кейін «Ливерпуль» тоғыз ұпай жинап, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жүз пайыздық нәтижесін сақтап қалды. Ал «Вильярреалдың» еншісінде үш ұпай бар.

Төртінші турда 4 қарашада «Ливерпуль» сырт алаңда «Фенербахчумен» кездессе, «Вильярреал» ПСЖ командасын қабылдайды.