«Ливерпуль» «Реалдан» түлегін қайтара алады

«Реал Мадрид» ФК
«Ливерпуль» мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Трент Александер-Арнольдты қайта қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Fichajes.net мәліметінше, ағылшын клубы өз түлегінің Мадридтегі жағдайын бақылауда.
Маусым басынан бері Александер-Арнольд «Реалдың» негізгі құрамында жеті матчтың үшеуінде ғана алаңға шықты. Қорғаныстың оң қанатындағы бәсекелестік Дензел Думфристің командаға қосылуынан кейін күшейді. Мадридтік клубтың бас бапкері Жозе Моуринью оған негізгі құрамнан жиі орын беріп жүр.
«Ливерпульдің» қорғаушыға қызығушылық танытуына командадағы кадр мәселелері себеп болып отыр. Конор Брэдли тізесінен алған жарақатынан кейін әлі де қалпына келу үстінде, ал Жереми Фримпонг оң қапталдағы қорғаушы позициясында негізгі құрамдағы орнын әзірге бекіте алған жоқ.
Александер-Арнольд – «Ливерпульдің» түлегі. Ол клубтың негізгі командасы сапында 354 матч өткізіп, 23 гол соғып, 92 нәтижелі пас берген. Қорғаушы мерсисайдтықтармен бірге тоғыз жүлде жеңіп алды. Олардың қатарында Чемпиондар лигасы мен Англия чемпионатындағы екі чемпиондық атақ бар.
2025 жылдың жазында ағылшын футболшысы «Реалға» ауысып, мадридтік клубпен 2031 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырған.