Лукаку Бельгияның жеңісіне пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Сенегалды жеңгеннен кейін өз пікірін білдірді.

Сиэтлде өткен кездесу қосымша уақытта бельгиялықтардың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Матч барысында Сенегал 2:0 есебімен алда болғанымен, Бельгия негізгі уақыттың соңында таразы басын теңестіріп, 120+5-минутта пенальтиден жеңісті жұлып алды.

«Бұл өте тартысты матч болды, біз бар күшімізді салдық. Есепте артта қалып жатсақ та, мінез көрсеттік. Осындай ойындарда дәл осы қажет. Сенегал құрамасы – осы турнирдегі ең мықты командалардың бірі. Техникалық, физикалық және тактикалық тұрғыдан өте қиын қарсылас болды. Бірақ біз прессингті күшейтіп, допқа таласта басым түсіп, командалық рухты көрсете алғанда, жеңіске жеттік», – деп Лукакудың сөзін ФИФА келтіреді.

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгия құрамасы бұған дейін Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңген АҚШ құрамасымен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Лукаку Бельгияның жеңісіне пікір білдірді – sport-hub