Люк Шоудың «Манчестер Юнайтедтегі» болашағы белгілі болды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Люк Шоу 2026/27 маусымы аяқталғаннан кейін ағылшын клубынан кетуі мүмкін.

Манчестерлік команда әзірге 31 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырған жоқ.

Daily Mail мәліметінше, ағылшын қорғаушысының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Егер тараптар жаңа келісімге келе алмаса, келесі жазда Шоу еркін агент атанып, мансабын басқа клубта жалғастыра алады.

Шоу «Манчестер Юнайтед» сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Футболшы «Саутгемптоннан» «Олд Траффордқа» ауысқан. Осы уақыт ішінде ол қазіргі құрамдағы клубта ең ұзақ уақыттан бері ойнап келе жатқан футболшы атанды.

Қорғаушы манкуниандықтар сапында барлық турнирде 328 ресми матч өткізіп, бес гол соқты және 29 нәтижелі пас берді.

Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымында «Манчестер Юнайтед» төрт турдан кейін төрт ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында тұр.

Команда келесі ойынын 17 қыркүйекте өткізеді. Ағылшын Лига кубогының үшінші турында манкуниандықтар «Брайтонмен» кездеседі.