Махачев пен Гэрри алғашқы көзарбасу рәсімін өткізді

Фото: Getty Images
Ислам Махачев пен Иэн Гэрри UFC 330 турниріндегі басты жекпе-жектердің біріне дайындалып жатыр. Титулдық айқас алдында қарсыластар алғаш рет жүзбе-жүз кездесіп, Филадельфияда көзқарас дуэлін өткізді.
Алғашқы кездесуге Филадельфия өнер мұражайының алдындағы, әйгілі Рокки Бальбоа мүсіні орналасқан алаң таңдалды. Махачев жекпе-жекте қорғайтын UFC чемпиондық белбеуімен стердаунға шықты.
Ресейлік спортшы жекпе-жекке қатарынан 16 жеңіспен келеді. 2025 жылдың қарашасында Махачев Джек Делла Маддаленаны жеңіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанды. Кәсіби мансабында оның еншісінде 28 жеңіс пен бір жеңіліс бар.
Гэрри де соңғы жекпе-жегін былтыр қарашада өткізді. Ирландиялық спортшы Белал Мұхаммадты жеңіп, чемпиондық белбеуге үміткерлер арасындағы позициясын нығайтты. Оның кәсіби рекорды – 17 жеңіс және бір жеңіліс.
UFC 330 турнирінде Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын алғаш рет қорғайды. Ал Гэрри үшін бұл жекпе-жек UFC чемпиондық белбеуін алғаш рет жеңіп алып, мансабындағы ең ірі жеңістердің біріне қол жеткізу мүмкіндігі болмақ.
UFC 330 турнирі Филадельфияда өтеді. Қазақстан уақытымен жекпе-жек 16 тамыз күні таңертең болады.