«Манчестер Сити» Андерсон үшін қомақты қаржы ұсынуға дайын

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Манчестер Сити» жазғы трансферлік науқанда «Ноттингем Форест» жартылай қорғаушысы Эллиот Андерсонды қатарларына қосқысы келеді

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, манчестерлік клуб 23 жастағы футболшы үшін ресми ұсыныс жолдаған.

Хабарламаға сәйкес, «қалалықтар» Андерсон үшін 106 миллион фунт стерлинг төлеуге және келісімшартқа қосымша 15 миллион фунт көлеміндегі бонустарды енгізуге дайын. Алайда «Ноттингем Форест» басшылығы бонуссыз кемінде 120 миллион фунт көлеміндегі кепілдендірілген өтемақы талап етіп отыр.

Сонымен қатар Андерсон «Манчестер Ситидің» ортаңғы шепті күшейтуге жалғыз үміткер емес. Клуб «Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Сандро Тоналиді де бақылауда ұстап отыр.

Эллиот Андерсон «Ноттингем Форест» сапына 2024 жылдың жазында қосылған болатын. Ол қысқа уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, клубпен 2029 жылдың маусымына дейін келісімшарт жасасты.

2025/26 жылғы маусымда ағылшын футболшысы барлық турнирде 50 матч өткізіп, төрт гол мен бес нәтижелі пас авторы атанды. Ал Transfermarkt порталы оның нарықтағы құнын 75 миллион еуроға бағалап отыр.