Басты бет
·
Футбол

«Манчестер Сити» «Лейпцигті» соңғы минуттарда жеңіп, сырт алаңда үш ұпай еншіледі

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов өнер көрсететін «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда Германияда «РБ Лейпцигті» 3:2 есебімен жеңді.

4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні Лейпцигтегі «РБ Арена» стадионында өткен кездесуде Хусанов негізгі құрамда алаңға шығып, толық 90 минут ойнады.

37-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Кастелло Люкебаның автоголынан кейін ағылшындықтар есеп ашты. Алайда екінші таймның 49-минутында Ридле Баку таразы басын теңестірді.

58-минутта Энцо Фернандес «Манчестер Ситиді» қайтадан алға шығарса, арада үш минут өткенде Антонио Нуса есепті 2:2-ге жеткізді.

78-минутта Эрлинг Холанд жеңіс голын соғып, манчестерлік клубқа үш ұпай сыйлады.

Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 4-тур

«РБ Лейпциг» – «Манчестер Сити» – 2:3

Голдар: Люкеба, 37 (автогол, 0:1), Баку, 49 (1:1), Фернандес, 58 (1:2), Нуса, 61 (2:2), Холанд, 78 (2:3).