«Манчестер Юнайтед» алты ойыншымен қоштасты

Темирлан Мажекенов ··
Фото: «Манчестер Юнайтед»  ФК

Фото: «Манчестер Юнайтед» ФК

«Манчестер Юнайтед» клубы осы жазда командадан кететін футболшылардың тізімін ресми түрде жариялады. Клуб басшылығы келесі маусымға дайындық аясында негізгі құрамдағы алты ойыншымен қоштасатынын растады.

Команда сапынан 2022 жылы 70 миллион фунт стерлингке сатып алынған бразилиялық жартылай қорғаушы Каземиро, 50 матч өткізген қорғаушы Тирелл Маласия және бұған дейін клубқа 73 миллион фунтқа келген шабуылшы Джейдон Санчо кетеді.

Каземиро маусым басында-ақ «Манчестер Юнайтедтен» кететінін мәлімдеген болатын. Ал Маласия мен Санчоның келісімшарттарын клуб ұзартпау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ шабуылшы Расмус Хойлунд Италияда бір маусымдық жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Наполи» клубына толыққанды ауысты.

Бұдан бөлек, команда сапынан уругвайлық жартылай қорғаушы Мануэль Угарте мен нидерландтық шабуылшы Джошуа Зиркзее де кетеді. Бұл шешім клубтың жазғы трансферлік кезең қарсаңында құрамды жаңарту бағдарламасы аясында қабылданған. 

Осылайша, «қызыл сойқандар» жаңа маусым алдында құрамын айтарлықтай өзгертуге кірісті.