Мария Шарапова «Үлкен дулығадағы» бес сетке созылатын матчтар туралы пікір білдірді

Ульяна Калиаскар··
Фото: gotennis.ru

Фото: gotennis.ru

Әлемдік теннис жұлдызы, бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы және «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы Мария Шарапова әйелдер арасындағы турнирлердің финалдық кезеңіне бес сетке дейінгі матчтарды енгізу идеясын сынға алды, деп хабарлайды Sporthub.kz.

Мұндай өзгерістер 2027 жылдан бастап күшіне енуі мүмкін.

Rushmore подкастына барған Шарапова мұндай реформалардың қаншалықты орынды екеніне күмән келтіріп: «Сіздердің өздеріңізге мұны көру қызық болар ма еді? Мен мұндайға сенбеймін», — деді. Экс-теннисші сондай-ақ ойын сапасының төмендеуі мүмкін екенін айтып, өзі де бес сетке созылатын матчтарды басынан аяғына дейін өте сирек көретінін мойындады.

Мария Шарапова Ресей тарихындағы ең табысты теннисші болып саналады және 2025 жылдан бері теннистен Халықаралық даңқ залының мүшесі. Шарапова өз мансабында WTA турнирлерінде 39 титул жеңіп алған, оның 36-сы жекелей сындағы жетістіктер. Соның ішінде бес «Үлкен дулыға» титулы мен 2004 жылғы Қорытынды турнирдегі жеңісі бар.