Марк Кукурелья «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Getty Images
Лондондық «Челси» клубының қорғаушысы Марк Кукурелья жазғы трансферлік кезеңде командасын ауыстыруы мүмкін. Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, футболшы «Барселонаға» ауысуға қызығушылық танытып отыр. Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, испаниялық қорғаушы лондондық клубтың басшылығына Испания чемпионатына қайта оралғысы келетінін жеткізген.
Айта кетейік, Кукурельяның кандидатурасын каталондықтардың бас бапкері Ханс-Дитер Флик жоғары бағалап отыр. «Челси» клубы футболшыны 40–50 миллион еуро аралығында бағалап отыр. Испаниялық ойыншының лондондық клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазыna дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы оның нарықтағы құнын 50 миллион еуро деп көрсетіт отыр.
2025/26 маусымында Кукурелья барлық турнирлерде 50 матч өткізіп, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Бұған дейін ойыншыға «Манчестер Ситидің» жаңа бас бапкері Энцо Мареска да қызығушылық танытқаны хабарланған. Еске сала кетейік, өткен маусым қорытындысы бойынша «Барселона» Испания чемпионы атанып, сондай-ақ Испания Суперкубогын жеңіп алған еді.