Марк ван Боммел Бельгия құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды

Бегасыл Амирбай ··
ПСВ ФК

ПСВ ФК

2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Бельгия құрамасы жаңа бас бапкерін анықтады. Ұлттық құраманы Нидерланд құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Марк ван Боммел тізгіндейді.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, 48 жастағы маманмен жасалатын келісімшарт 2028 жылдың маусымына дейін жарамды болады. Тараптар мәміленің барлық шарттары бойынша келісімге келген.

Бұған дейін ван Боммел Бельгияның «Антверпен», Германияның «Вольфсбург» және Нидерландтың ПСВ клубтарын жаттықтырған. Сонымен қатар, ол Аустралия, Сауд Арабиясы және Нидерландтың 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларының бапкерлер штабында қызмет атқарған.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатында Руди Гарсия жетекшілік еткен Бельгия құрамасы ширек финалға дейін жетіп, сол кезеңде Испаниядан 1:2 есебімен жеңілген болатын.