Марко Арнаутович Аустрияның турнирден шығуына қатысты пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ÖFB

Фото: ÖFB

Аустрия құрамасының шабуылшысы Марко Арнаутович 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Испаниядан (0:3) жеңілген матчқа қатысты ойын айтты.

Форвардтың сөзінше, жеңіліске қарамастан, Испания бұл әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі болып қала береді.

«Егер қарсылас мықты болып, лайықты түрде жеңсе, оны қабылдау керек. Меніңше, егер біз есеп ашқанда, бәрі басқаша өрбуі мүмкін еді. Испанияға құрмет – бұл өте мықты команда және, сөзсіз, осы әлем чемпионатындағы басты үміткерлердің бірі. Бірақ жігіттер қатты көңіл түсірмеуі керек деп ойлаймын. Басымызды жоғары көтеруіміз қажет – біз тағы да тарихқа ендік», – деді Арнаутович.

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасы Португалиямен кездеседі. Матч 7 шілде күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.