Матье ван дер Пул «Тур де Франс-2026» жарысының тоғызыншы кезеңінде жеңіске жетті

Каирбек Тулегенов ··
Фото: instagram.com/letourdefrance

Фото: instagram.com/letourdefrance

Нидерландтық велошабандоз Матье ван дер Пул Alpecin-Premier Tech командасы сапында «Тур де Франс-2026» көпкүндік жарысының тоғызыншы кезеңінде жеңіске жетті.

Тоғызыншы кезең Мальмордан Юссельге дейін өтіп, бастапқыда 185,5 шақырымды құрауы тиіс еді. Алайда ауа райының аптап ыстығына байланысты қашықтық 155,5 шақырымға дейін қысқартылды.

Екінші орынды «Uno-X Mobility» командасының өкілі, норвегиялық Тобиас Халланд Йоханнессен иеленді. Үздік үштікті «Pinarello-Q36.5 Pro Cycling Team» құрамындағы британиялық Том Пидкок түйіндеді.

«XDS Astana Team» сапындағы колумбиялық Харольд Техада 58-орынға тұрақтап, жеңімпаздан 9 минут 54 секундқа қалып қойды. Ал Николя Винокуров 142-орында мәреге жетті.

Жалпы есепте көш басында UAE Team Emirates командасының словениялық шабандозы Тадей Погачар келеді.