Мбаппе Чемпиондар лигасында дубль жасап, Мессидің тарихи жетістігін қайталады

«Реал Мадрид» ФК
Мадридтік «Реалдың» француз шабуылшысы Килиан Мбаппе УЕФА Чемпиондар лигасында Нидерландтың ПСВ клубына қарсы кездесуде екі гол соғып, Лионель Мессидің тарихи жетістігін қайталады.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда «Реал» ПСВ-ны 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
27 жастағы Мбаппе кездесудің 64 және 84-минуттарында қарсылас қақпасын дәл көздеді. Осылайша оның Чемпиондар лигасындағы голдарының саны 76-ға жетті. Сонымен қатар француз футболшысы Джуд Беллингемге нәтижелі пас берді.
Бұл жетістігінің арқасында Мбаппе 28 жасқа толмай тұрып Чемпиондар лигасында 75 гол соққан тарихтағы екінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішке тек аргентиналық Лионель Месси ғана қол жеткізген.
Қазіргі уақытта Мбаппе Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде бесінші орында тұр.
Турнир тарихындағы үздік бес сұрмерген:
1. Криштиану Роналду – 140 гол
2. Лионель Месси – 129 гол
3. Роберт Левандовский – 109 гол
4. Карим Бензема – 90 гол
5. Килиан Мбаппе – 76 гол
Сонымен қатар Мбаппе Чемпиондар лигасында қатарынан жеті матчта гол соғып, мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы француз футболшысы атанды.
Биылғы маусымда шабуылшы бес кездесуде алты гол соқты.
Жалпы Мбаппе Чемпиондар лигасындағы мансабында 103 матч өткізіп, 76 гол мен 27 нәтижелі пастың авторы атанған.
Бес турдың қорытындысы бойынша «Реал» мүмкін болған 15 ұпайдың барлығын жинап, Чемпиондар лигасының жалпы турнирлік кестесінде көш бастап тұр.
Мадридтік клуб келесі кездесуін сырт алаңда Лондонның «Арсенал» командасына қарсы өткізеді.