Медведев үш сетте жеңіп, US Open-ның екінші айналымына өтті

Фото: Jimmie48
Әлемнің сегізінші ракеткасы Даниил Медведев US Open-2026 турниріндегі алғашқы кездесуін француз Уго Гастонды (ATP рейтингі бойынша 91-орын) жеңумен бастады. Ресейлік теннисші матчты үш сетте 6:4, 6:2, 6:4 есебімен ұтты.
Кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды. Медведев 10 эйс жасап, үш рет қосарланған қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Гастон бірде-бір эйс жасамады, бес рет қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын беру кезіндегі жалғыз мүмкіндігін пайдалана алмады.
Айта кетейік, Даниил Уго Гастонмен өткізген екі кездесудің екеуінде де жеңіске жеткен. Теннисшілер алғаш рет 2021 жылы Париждегі «Мастерс» турнирінің ширек финалында кездесті. Сол матчта Медведев 7:6 (9:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Медведев US Open турнирінің екінші айналымына сегізінші рет шықты. Ресейлік теннисші 2021 жылы Нью-Йоркте чемпион атанған.
Екінші айналымда Даниил америкалық Себастьян Горзни мен бельгиялық Рафаэль Коллиньон арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
US Open турнирінің қазіргі чемпионы — 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген Карлос Алькарас. Биылғы жарыс 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.