Басты бет
·
Бокс

Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-тағы титулдық жекпе-жек алдында көз арбасты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: PBC

Фото: PBC

Жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамос кішімен титулдық жекпе-жек алдындағы соңғы көз арбасуын өткізді.

Жекпе-жек 20 қыркүйек күні таңертең Сан-Диегода өтеді. Рамос орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы атағын қорғайды. Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, оның 11-ін нокаутпен аяқтаған. Ал америкалық боксшының еншісінде 24 жеңіс және бір жеңіліс бар. Ол 19 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бұл жекпе-жек кештің басты айқасына дейінгі негізгі кездесу болады. Ал кештің басты жекпе-жегінде Исаак Крус пен Нестор Браво бірінші жартылай орта салмақтағы WBC уақытша титулын сарапқа салады. Рамос пен Нұрсұлтанов жекпе-жегінің жеңімпазы WBC нұсқасы бойынша негізгі титулдың міндетті қарсыласына айналады. Қазір бұл белбеу доминикандық Карлос Адаместің иелігінде.

Еске салайық, Нұрсұлтанов үш жылға жуық уақыт бойы шаршы алаңға шыққан жоқ. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 17 қарашасында Ташкентте өткізіп, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.