Мексика – ОАР: Әлем чемпионатының ашылу матчын қайдан көруге болады?

Фото: Getty Images
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы матчпен басталады.
Турнирдің алғашқы ойыны 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көре алады.
Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live-режімде бақылауға мүмкіндік бар.
Бір қызығы, бұл құрамалар арасындағы соңғы ресми матч 2010 жылы ОАР-да өткен әлем чемпионатында тіркелген. Ол кезде командалар 1:1 есебімен тең түскен еді.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты бірнеше көрсеткіш бойынша тарихи турнир болмақ. Әлем біріншілігін алғаш рет үш мемлекет – АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды. Сонымен қатар қатысушы құрамалар саны 48 командаға дейін көбейді. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.