«Менімен құрметпен сөйлес». Месси матч кезінде төрешіге үн қатты

Фото: Getty Images
2026 жылғы әлем чемпионатының Аргентина мен Швейцария арасындағы ширек финалдық матчында Лионель Месси кездесудің бас төрешісі, португалиялық Жоау Пиньейрумен сөзге келіп қалды.
Оқиға бірінші таймда даулы эпизодтардың бірінен кейін орын алды. Төрешінің әрекетіне көңілі толмаған Аргентина құрамасының капитаны эмоциясын жасырмай, өзіне құрметпен сөйлеуді талап етті.
«Менімен дұрыс сөйлес. Құрмет көрсет. Мен саған сабырмен сөйлеп тұрмын, сондықтан сондай қарым-қатынас күтемін», – деді Месси төрешіге.
Осы шиеленісті сәтке қарамастан, Аргентина құрамасы жеңіске жете алды. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, қосымша уақытта Лионель Скалони шәкірттері тағы екі гол соғып, Швейцарияны 3:1 есебімен жеңді.
Енді аргентиналықтар 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасына қарсы ойнайды.