Мерино ӘЧ жартылай финалында Францияға қарсы матчтан не күтетінін айтты

Фото: SEF
Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Микель Мерино 2026 жылғы әлем чемпионатының Францияға қарсы жартылай финалдық матчы алдында өз ойымен бөлісті.
Қазіргі турнирде Мерино алты матчқа қатысып, екі гол соғып, Испания құрамасының жартылай финалға шығуына көмектесті.
«Біз ең жоғары деңгейдегі ойынды көрсетуіміз керек. Өз футболымызды ойнап, алаңда басымдық танытуымыз қажет. Қарсылас жекпе-жектерде мықты. Әрбір ойыншы доппен кез келген сәтте қауіпті мүмкіндік жасай алатынын есте ұстауы тиіс. Қателіктің бағасы тым жоғары, сондықтан барлығымыз үшін барынша шоғырлану міндетті», – деп Мериноның сөзін Marca келтіреді.
Испания мен Франция құрамалары арасындағы жартылай финалдық матч 15 шілде күні өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.