Месси әкесімен Росариода жабық рәсімде қоштасты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@alimo_philip

Фото: x_@alimo_philip

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұзаққа созылған сырқаттан кейін 69 жасында өмірден өткен әкесі Хорхе Мессимен қоштасу рәсіміне қатысу үшін Росариоға келді.

Clarin басылымының мәліметінше, жерлеу рәсімі Росариодағы Эль-Прадо зиратында өтті. Қоштасу жабық форматта ұйымдастырылып, оған тек туыстары мен отбасының жақын достары ғана қатысты. Қауіпсіздікті арнайы күзет қызметі қамтамасыз етті.

Рәсім аяқталғаннан кейін Лионель отбасы мүшелерімен бірге тілшілердің назарынан тыс қалу үшін ғимараттан басқа шығу жолы арқылы кеткен.

Айта кетейік, Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында өнер көрсетеді. Ол аталған команда сапында 106 матч өткізіп, 92 гол соғып, 52 нәтижелі пас берген.