Басты бет
·
Футбол

Месси «Интер Майамиге» плей-оффқа шығуға көмектесті

Бекарыс Әлімхан··
«Интер Майами» ФК

«Интер Майами» ФК

«Интер Майами» MLS тұрақты чемпионаты аясында өз алаңында «Нью-Йорк Ситиді» 2:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

MLS. Тұрақты чемпионат

«Интер Майами» – «Нью-Йорк Сити» – 2:0

Голдар: Бертераме, 20; Де Пауль, 45+5.

Кездесудің 20-минутында Жерман Бертераме есеп ашты. Ол Лионель Месси, Родриго Де Пауль және Луис Суарестің қатысуымен өрбіген шабуылды голмен аяқтады.

Бірінші таймның қосымша уақытында Де Пауль алаң иелерінің басымдығын арттырды. Аргентиналық жартылай қорғаушы 45+5-минутта Мессидің пасынан кейін допты қақпаның жоғарғы бұрышына бағыттады. Бұл оның MLS-тегі осы маусымдағы бесінші голы болса, Месси 14-нәтижелі пасын тіркеді.

Екінші таймда командалар есепті өзгерте алмады. Матч соңында «Нью-Йорк Сити» пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Алайда алаң иелерінің қақпашысы Николас Фернандестің соққысын қайтарды.

Осы жеңістен кейін Кристиан Гонсалес жаттықтыратын команда 29 матчтан соң 52 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орнын сақтап қалды. «Интер Майами» қатарынан үшінші маусым плей-оффқа шығуды қамтамасыз етті.

Ал Мессидің осы маусымдағы көрсеткіші 23 гол мен 14 нәтижелі пасқа жетті.

Айта кетейік, «Интер Майами» келесі кездесуін 17 қазанда сырт алаңда «Атланта Юнайтедке» қарсы өткізеді.

Месси «Интер Майамиге» плей-оффқа шығуға көмектесті – sport-hub