«Милан» «Ювентуспен» матчтың соңында жеңісті уысынан шығарып алды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: acmilan.com

Фото: acmilan.com

Италия чемпионатының 3-туры аясында «Ювентус» өз алаңында «Миланмен» тең түсті.

Матчтағы есеп екінші таймда ашылды. 68-минутта қонақтар сапындағы 19 жастағы жартылай қорғаушы Альфаджо Сиссе «Миланды» алға шығарды. Алайда алаң иелері 90+2-минутта таразы басын теңестірді. Гол авторы — Федерико Гатти.

«Россонерилер» жеті ұпай жинап, Италия чемпионатында төртінші орында тұр. «Кәрі синьора» да жеті ұпаймен бесінші сатыда келеді.

Келесі турда «Милан» 12 қыркүйекте сырт алаңда «Лациомен» кездеседі. Ал «Ювентус» 13 қыркүйекте өз алаңында «Сассуолоны» қабылдайды.

«Милан» «Ювентуспен» матчтың соңында жеңісті уысынан шығарып алды – sport-hub