Мирра Андреева Пекиндегі турнирде үшінші жеңісіне жетті

Фото: Jimmie48
Мирра Андреева Пекиндегі WTA-1000 турнирінің төртінші айналымында Дарья Снигурды сенімді жеңді.
Ресейлік теннисші қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 2 минутқа созылды. Андреева алты эйс жасап, бірде-бір қосарланған қателік жібермеді. Ал Снигур бір рет қосарланған қателік жасап, бірде-бір эйс орындай алмады. Бұл теннисшілердің кәсіби мансабындағы алғашқы кездесуі болды.
Бұған дейін Андреева қытайлық Юань Юэні 3:6, 6:0, 6:0 есебімен жеңсе, кейін өзбекстандық Полина Кудерметовадан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Снигурды жеңуі оның турнирдегі қатарынан үшінші жеңісі болды.
Ширек финалда Мирра чехиялық Линда Носкова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы — америкалық Аманда Анисимова. Ол 2025 жылғы финалда Носкованы 6:0, 2:6, 6:2 есебімен жеңіп, титулды иеленген.