Молдова – Қазақстан: Ұлттар лигасының матчын тікелей эфирде қайдан көруге болады?

ҚФФ
Бүгін, 13 қарашада Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы топтық кезеңнің бесінші турында Молдовамен кездеседі.
Ойын Молдова астанасы Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойынды арнаның ресми сайтынан да көруге болады.
Бесінші тур алдында Қазақстан құрамасы C3 тобында екі ұпаймен соңғы, төртінші орында тұр. Джон ван'т Схип шәкірттері Фарер аралдарымен екі рет тең ойнап (1:1, 2:2), Словакия (1:2) мен Молдовадан (1:2) жеңілген.
Ал Молдова төрт ұпаймен үшінші орында келеді. Топта он ұпай жинаған Словакия көш бастап тұр. Фарер аралдары төрт ұпаймен екінші сатыға жайғасқан.
Қазақстан құрамасы үшін бұл матчтың маңызы зор. Егер отандастарымыз жеңіліп қалса, В дивизионына көтерілу жолындағы өтпелі матчтарға қатысу мүмкіндігінен айырылады.
Еске салайық, 2 қазанда Астанада өткен алғашқы кездесуде Молдова Қазақстанды 2:1 есебімен жеңген еді. Сол ойында ұлттық құрамамыздың жалғыз голын Нұралы Әліп соқты.